02 Нау 2022
Страницы "Басқұдық жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Мектеп тарихы

 

Басқұдық жалпы орта білім беретін мектебінің тарихы

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Басқұдық ауылында 1960 жылы 8 жылдық мектеп  ашылды. Мектеп директоры болып жоғары білімді Қуаныш Әлжанов тағайындалды. 1967 жылы 10 жылдық болып Басқұдық орта мектебі қайта құрылды. Оған жоғары білімді қазақ тілі пәнінің мұғалімі Төразақов Сейілхан келді. Алғашқы орта мектепті 1968 жылы 24 түлегі Басқұдық орта мектебінен орта білім туралы аттестат алды. Олар Ағытаева З, Әлтаева А., Әділханов А, Хасанова З, Бөлебаева Ұ, Біржанов Т, Бұхарбаев И, Бұзаубаев Қ, Есетов Б, Ертілеуов Қ, Қуандықов А, Қайыров М, Қыстаубаев Қ, Мұханбетиярова Р, Мусин М, Рахметов З, Сисенов М, Сәрсенғалиева Г, Өтегенов Ө, Төлепбергенов С, Ізмұратова А, Жәлелов О, Тералин А, Д.Шынтаев. Басқұдық орта мектібінің директорлық қызметінде әр жылдары Сұлтанов И, Маханбетияров, Еспенбетов Л, Тойшыманов С, Қуанышев М, Искаков М. осы кісілер табысты еңбек етті.  Әр жылдарда мектепті басқарған директорлар:

 

1960 -1967 жж. Әлжанов Қуаныш

1967-1970  жж. Төразақов Сейілхан

1970 -1983 жж Сұлтанов Иса

1983-1996 жж. Маханбетияров Кеңес

1996-2002 жж. Еспенбетов Лайық Ибраевич

2002-2010 жж. Тойшыманов Серик Кенишбаевич

2010- 2011 жж. Қуанышев Мереке

2011-2013 жж. Искаков Марат Жаппарович

2013-2015 жж. Тойшыманов Серик Кенишбаевич

2015-жылдан бері  Еспенбетов Лайык Ибраевич басқарып келеді.

   

2007 жылы жаңа типтік жобадағы заман талабына сай салынған мектеп пайдалануға берілді. Мектебімізде жаңа модификациялы биология кабинеті, лингафонды - мультимедиалық кабинеті, физика кабинеті жаңа модификациялы, кітапхана, медициналық кабинет, асхана, акт залы, бастауыш кластар кабинеті, география және тарих кабинеттері біріктірілген, спорт залы т.б кабинеттермен жабдықталған. 

Мектепте “Білім берудің  мемлекеттік жалпыға міндетті  стандартына сәйкес  барлық сыныптарға арналған  оқу-әдістемелік кітаптар қоры жеткілікті. Мектеп оқушылары жыл бойы  түрлі сайыстар мен олимпиадаларға   офлайн және онлайн  түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектеп оқушыларын  шығармашылыққа баулып, Республикалық, облыстық аудандық онлайн байқауларға қатыстырып, түрлі іс-шараларға дайындап жүрген ұстаздарымыз да көптеп кездеседі. Атап айтар болсақ, Республикалық «Пони», «Балдәурен», «Айқанат», «Ақбота», «Мың бала», «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары», «Фариза өлеңдерін көркем тілде оқу», Республикалық «Абай» пәндік олимпиадасы, «Білім шыңы-ғылым сыры» журналының ұйымдастыруымен өткен «Сиқырлы бояу», «Дарынды жас» республикалық шығармашылық сайты ұйымдастырған «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» сурет байқауы, «Алтын қолдар» олимпиадасы  оқушылардың білім сапасын саралап, шығармашыл тұлға болып шығуына мол әсерін тигізері сөзсіз. Осы орайда жетістікке жеткен оқушыларымыз да жоқ емес. Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонына қатысып, жетістікке жеткен 4 класс оқушылары: Медетханұлы Мейірхан, Кеңшілік Серікболсын  1 дәрежелі, Әубәкір Феруза 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды.(мұғалімі Симатова Ақсауле),  аудандық математикалық марафонда 5 класс оқушысы Мырзабекова Ақнұр ынталандыру алғысхатына ие болса,(мұғалімі Мауетекова Люба) аудандық бастауыш кластар аралығында өткен «Ақ қанат арман» онлайн байқауында эссе жазып көзге түскен 1 класс оқушысы Лайық Сезім мұғалімі Искакова Санида) мақтау қағазы мен балаларға арналған жұмсақ ойыншыққа ие болды.  Тәуелсіздік қарсаңында өткен аудандық «Елім деп соққан жүрегім» атты  бастауыш сынып оқушыларына арналған байқаудың мектепішілік сайысында 1 орынға ие болған Айтмағанбет Өркен аудандық бастауыш сыныптар арасында үздік деп танылып, бағалы сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталды. Республикалық «Мың бала» байқауына қатысқан 5 класс оқушысы Серікбекқызы Нұрсезім және «Балдәурен» байқауына қатысқан бастауыш  класс оқушылары мен қазақ тілі, тарих, физика, математика, биология пәндері бойынша көптеп қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Мұқағали, Фариза оқуларына қатысып, мәнерлеп оқуда бас жүлде және І орнынға ие болған 8 класс оқушысы Самат Мақсат (мұғалімі Баймағамбетова Гүлбақыт) Республикалық «Қазақстан-менің алтын бесігім» номинациясының және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жыл мезгілдері»  атты ІV Республикалық байқауда І дәрежелі диплом, «Алтын қолдар» номинациясының ІІ дәрежелі жүлдегері Рахетова Айдана (мұғалімі Хасенова Лаура). Бұның барлығы осы оқушыларға сабақ беріп, дайындаған мұғалімдердің еңбегі екені сөзсіз. Аудандық пәндік олимпиадада қазақ тілі пәні бойынша ІІ орын 10 класс оқушысы Әбен Ғалия-Бәну (пән мұғалімі Баймағамбетова Г),биология пәні бойынша ІІІ орын Қалибеков Райымбек (мұғалімі Искакова Бекзат) т.б. мұғалімдеріміз бен оқушыларымызды атап өтуге болады. Бұның барлығы осы оқушыларға сабақ беріп, дайындаған мұғалімдердің еңбегі екені сөзсіз. Осы мақсатта жұмыстана отырып, басты мақсатымыз сапалы білім мен бала  денсаулығын, сақтық шараларын  сақтап, оқушыларымызды биік белестерге көтеру.     

“Туған жерге тағзым - перзенттік парызым” деп ұғынған көптеген азаматтар өзге де істерімен көмек қолын созуда, оның ішінде  мектептің безендірілуі, ондағы қажетті құрал-жабдықтарды заман талабына орай жаңартуда атсалысқан көптеген түлектер бар.

Қазіргі таңда мектепте педагог-зерттеуші-3, жоғары, педагог-сарапшы-5, І санатта -5 мұғалім, педагог-модератор- 3, ІІ санатта-4 мұғалім қызмет етеді.  Жалпы жоғары білімді   26 маман жұмыс жасайды. Мұғалімдердің саны-30, оқушылардың саны -113. 

 

Жаңалыктар