02 Нау 2022
Әлеуметтік педагог

«Қамқорлық» республикалық акциясы

Әйтеке би аудандық білім бөліміне

Басқұдық жалпы орта білім беретін мектебінен

2019-2020 оқу жылына өткізілген

«Қамқорлық» республикалық акциясы туралы

 

Анықтама

Басқұдық жалпы орта білім беретін мектебінде жыл сайынғы дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясына комиссия құрылып,жоспары бекітіліп іс-шаралар өтті.

Ауыл көлемінде 0-18 жас аралығында балаларды жаңадан есепке алу және әлеуметтік себептермен сабаққа қатыспай отырған және қараусыз,қадағалаусыз оқушыларды анықтау мақсатында рейд жүргізілді.Соның нәтижесінде себепсіз сабаққа қатыспай отырған және қадағалаусыз қалған оқушылар жоқ екендігі анықталды.

20 қаңтар күні 9-11 сыныптарда әлеуметтік педагог пен өзін-өзі тану мұғалімдері Самиянова Ажар Жумакулова Меруерттің ұйымдастырумен «Бала болашағымыз» тақырыбында пікірталас өтілді.Пікірталасқа мектеп ұстаздары қатысты.

 

25 қаңтар күні 9-11 сыныптарда «Қайырымдылық жылы жүректен»тақырыбында дөңгелек үстел өтті  және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері,әлеуметтік педагог ұйымдастырумен «Мейірімді жүректер»ас жәрмеңкесі өтті.

 

Көп балалалы,әлеуметтік жағдайы төмен және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға Басқұдық жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі Көптілеуов Фархат 60 000 теңге (алпыс мың) көлемінде демеушілік жасады.
 

«Қамқорлық» акциясын қорытындылау мақсатында «Жүрегім толы мейірім» атты қортындылау концерт өткізілді.

 

Мектеп директоры:                     Л.И.Еспенбетов

Әлеуметтік педагог:                     Е.С.Азбергенов

Жаңалыктар