Басқұдық жалпы орта білім беретін
мектебінің 2019-2020 оқу жылында
«Мектепке жол »акциясының
өтуі туралы
Мәлімет
2019-2020 оқу жылдың тамыз-қыркүйек айында Басұдық ЖОББ мектебінде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.Дәстүр бойынша іс-шара жоспары жасалып,осыған орай бірқатар жұмыстар атқарылды.Акция мақсаты оқу құралдарымен қамтылмаған балаларды анықтап әлеуметтік жағдайлары төмен және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға,жартылай жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсету.Қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында рейд өткізілді.Мектеп директорының бұйрығымен ауылдағы үйлерді,елді-мекендерді аралауға мұғалімдер бекітілді.Бекітілген жауапты адамдар үйді аралады.Рейд қорытындысы бойынша бала - саны .Оның ішінде тұрмысы қолайсыз отбасылар, мектепке бармаған ,қадағалаусыз,панасыз қалған балалар мен оқушылар анықталған жоқ.
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған балалар жоқ. Бұл акцияның ашылу салтанатында ауыл әкімі Б.Жакупов сөз сөйлеп, акция барысында ауыл мекемелер, кәсіпкерлер демеушілік жасаған сый-сияпаттарды салтанатты түрде табыстады.
Мектепте балалары оқитын көп балалы отбасының бала саны- 74 ,жартылай жетім-8,қамқоршылықтағы-3 ,әлеуметтік жағдайы төмен- 7 оқушы бар.
«Мектепке жол» акциясы аясында 4 оқушыға Ақтөбе қаласының кәсіпкері Көптілеуов Ф 30000 теңге көлемінде мектеп формасын тарту етті,ауыл әкімшілігі мен мектеп ұжымы 2 оқушыға 30000 көлемінде демеушілік жасады. Барлық демеушіліктен түскен қаржы көлемі 60000 мың теңге.
Мектеп директоры: Еспенбетов Л.И